Көркемсурет мектебі

Home / Көркемсурет мектебі

Көркемөнер студиясы

Балалардың салған суреті –балалардың ішкі жан дүниесінің үлкендер әлемімен байланысы, «үлкендер әлемімен» сырласуы. Балалардың салған суреттеріне зер сала отырып, олардың ішкі ойын, өмір туралы түсініктерін, қоғамды қабылдауын түсінуге болады.

5-10 жас аралығындағы балаларға екі жылдық көркемөнер студиясы жұмыс жасайды. Мұнда балалар кезең бойынша суретті дұрыс салуға үйренеді. Кішкентай суретшіні ұқыптылық пен тәртіпке үйретеміз. Түзу сызықтар сыза алу, геометриялық фигураларды салу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Жапсырмалау, мүсіндеу, мозаика және оригамалерді жасау балалардың қалыпты психологиялық күйде болуына әсер етеді. Осындай жұмыс түрлерімен айналысқан балалардың екі қолы да жұмыс жасайтын болғандықтан, оның миының оң және сол жақ бөліктері де белсенді болады. Бұл балалардың қоршаған орта жағдайларына тез бейімделуіне ықпал етеді.

Көркемсурет мектебі

Көркемсурет мектебі — өнер студиясының жоғарғы сатысы болып табылады. Бұл жерде балалар әр түрлі өнер түрлері бойынша кәсіби білім алады.

Көркемөнер мектебінде төмендегідей сабақтар жүреді: Сурет, Кескіндеме, Композиция, Мүсіндеу, Көркемөнер тарихы, Қолданбалы сәндік өнер (гобелен, киіз), Дизайн, Модельдеу негіздері.

Сонымен қатар, 8, 9-сынып , 10,11-сынып оқушылары үшін, қазіргі заман талабына сай өнер түрлерінен 2 жылдық курстар жүреді:
Бейнелеу өнері негіздері, Дизайн негіздері, Модельдеу негіздері, Сондай –ақ, Жоғары оқу орындарына түсуге дайындық, Шығармашылықпен айналысу, портрет, пейзаж т.б., Бейнелеу өнері – кез – келген жаста, Демалыс күндеріндегі топтар. Көркемсурет мектебінің ерекшелігі: ата – бабамыздың мол мұрасы мен ғажайып қолөнер бұйымдарымыздың жасалу жолдарын үйретеді.

Мектепті бітірген соң Мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі.