23 қаңтар күні

23 қаңтар күні

23 қаңтар күні «Көкілде» мектепішілік ғылыми жобалар қорғауы болды. Оқушылар өздеріне қызықты тақырыптар аясындағы ізденістерін ортаға салды. Вавилон, Финикия, Ежелгі Египет діні, қазақ күйлерінің шығу тарихы, жұмбақ есептер, Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі, Алтын Емелге саяхат, ұзақ өмір сүрудің сыры, йоганың пайдасы,робототехника негіздері – осы тақырыптардағы жұмыстар назарға ұсынылып, тыңдаушылар сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Ғылыми жоба қорғау оқушының дүниетанымын кеңейтіп,жеке пікірі мен өз ұстанымын дəлелдеуге үйретеді.