Қозы мен Баян

Қозы мен Баян

Қайырлы күн, достар!

Қазақтың лиро-эпостық жырларымен таныссыз  ба? Олардың мазмұнын жетік білесіз бе?

Ал біздің мектебімізде гуманитарлық пәндердің онкүндігі аясында 7-9 сынып оқушыларының арасында ««Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ізімен» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың негізгі мақсаты да – жыр мазмұнымен танысып, оның тарихи маңыздылығын, құндылығын түсіндіру болатын. 5 кезең бойынша өткен сайыста «Қозы Көрпеш» тобы «Қодар» тобынан озып, жеңіске жетті.

Қазақтың тарихы терең әдеби мұраларын оқу – біздің басты міндетіміз.