Қазақстан –аспанымыз ашық болсын!

Қазақстан –аспанымыз ашық болсын!

Шын жүректен жасаған сыйлыққа не жетсін?! Республикамыздың  Тәуелсіздік күніне арнап, «Көкіл» мектебінің оқушылары өз музыкалық  қойылымын Алматы  жұртшылығына  сыйға тартты. Қаламыздың ең ірі MEGA Alma-Ata сауда орталығында  желтоқсанның 16 күні «Қазақстан –аспанымыз ашық болсын!» атты сахналандырған көрініс өткізді.  Бір сағат бойы Халықаралық және Республикалық конкурстардың жүлдегерлері «Көкіл» ансамбілі көрермендерді ең үздік ән, күй, би қойылымдарымен  қуантты.