Флешмоб

22 және 23 наурыз күндері  Dostyk Plaza  и Mega Alma -Ata ойын-сауық орталықтарының қонақтары «Көкіл» мектебінің оқушыларының мерекелік концертін көріп, таң-тамаша болды. Бағдарламадағы Жарапазан, «Қазақша күрес» биі, Ортеке, халық әндерінен попурри, құлақ құрышын қандырған күйлер халық назарын  бірден баурап алды. Ұлттық киім киіп, қолдарына халқымыздың  аспаптарын ұстап, ән салып, күй тартқан оқушылар нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.