“Көкіл” мектебі

“Көкіл” мектебі

«Көкіл» мектебінің бастауыш сынып оқушылары сапалы білім алумен қатар, мол рухани байлыққа ие болады.

Ұстаздар білім беру барысында жаңа әдіс-тәсілдер мен ақпараттық оқыту технологияларын тиімді пайдаланады. Мектепте оқушының психологиялық хал-ақуалы бақыланып, білім деңгейі сараланып отырады.
Балалардың шығармашылық қабілетінің ашыла түсуіне бағытталған музыка, көркемсурет, қолөнер және би сабақтары жүргізіледі.

Бастауыш сыныбына келген сіздің балаңызға «Көкіл» мектебі төмендегідей мүмкіндіктер береді:

1. Математика пәнін тереңдетіп оқыту;
2. Қазақ тілін негізгі тіл ретінде жетік меңгерту;
3. Тіл дамыту – қазақ тілінде еркін сөйлеу;
4. 1-сыныптан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;
5. 1-сыныптан бастап домбыра аспабында ойнап үйрету;
6. Көркемсурет және қолөнер үйірмелері;
7. Хореография;
8. Үй жұмысын орындауға көмектесу және тағы басқа.

«Көкіл» мектебінде өз ісінің тәжірибелі мамандары білім береді. Сондай-ақ мектебімізде тәжірибелі психолог пен жеке медициналық қызмет көрсету бар.