«Көкіл» ансамблі

Тамыз айында «Көкіл» ансамблі Италияның Браччано қаласында өткен ІХ Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. Осы музыка мерекесіне Израиль, Ресей, Польша, Болгария, Эстония, Кипр, Түркия, Испания елдерінен өнерпаздар келді. Көне Орсини – Одескальки замогының жанында өткен фестиваль есте қаларлық оқиға болды.Фестиваль аясында «Көкіл» ансамблі мүшелері Рим, Флоренция қалаларына саяхат жасап, әлемге әйгілі архитектуралық ғимараттар және скульптуралармен танысты.