«Көкіл»  ансамблі Италияның Браччано қаласында өткен ІХ Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты

«Көкіл» ансамблі Италияның Браччано қаласында өткен ІХ Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты

Тамыз айында «Көкіл»  ансамблі Италияның Браччано қаласында өткен ІХ Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. Осы музыка мерекесіне Израиль, Ресей, Польша, Болгария, Эстония, Кипр, Түркия, Испания елдерінен өнерпаздар келді. Көне Орсини – Одескальки замогының жанында өткен фестиваль есте қаларлық оқиға болды.Фестиваль аясында «Көкіл»  ансамблі мүшелері Рим, Флоренция қалаларына саяхат жасап, әлемге әйгілі архитектуралық ғимараттар және скульптуралармен  танысты.