Бастауыш – балалықтың бір белесі

Бастауыш – балалықтың бір белесі

23 мамыр күні мектебіміздің 4 сынып оқушылары «Бастауыш – балалықтың бір белесі» атты мерекелік кеш өткізді.

Мерекеде оқушылар өздері 4 жыл бойы білім алған мектебіне, пән мұғалімдеріне және алғашқы ұстаздары Зауреш Шаденқызы мен Рауза Нұрлықызына өлең-тақпақтарын, ән-жырларын, билерін арнады.

Мереке қонақтары – ұстаздар мен ата-аналар балалар өнеріне риза болып, орта буынға жол тартқан өрендерге сәттілік тіледі.