«Алтын белгі»  алған түлектер

Мектебіміздің түлектері Иренсиз Ұлдана, Қыдырхан Төлеген және Усманова Лаура «Алтын белгі» иеленді. Олар – үздік оқумен қатар, өнерімен де көзге түсіп жүрген өрендер. Төлеген – домбыраның құлағында ойнайтын күйші, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Лаура – математикадан республикалық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы. Ұлдана ғылыми жобаны биология пәнінен қорғады.
Мектеп мақтанышына айналып, «Алтын белгімен» аяқтаған шәкірттеріміз баршылық. Атап айтсақ: Сауранбаев Мұрагер, Абдуллаева Гүлназ, Мұстафа Меруерт әр жылдарда мектепті үздік аяқтап, өмірден өз орындарын тапты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.